Лос-Анджелесте 50 градусқа жуық аптап ыстық тіркелді

None
None
ЛОС-АНДЖЕЛЕС. ҚазАқпарат – Вудленд-Хиллзда (АҚШ, Лос-Анджелес қаласының округі) ауа температурасы ең жоғары көрсеткішке 49.4 Цельсий градусқа (Фаренгейт бойынша 121 градус) жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Los Angeles Times-қа сілтеме жасап.

АҚШ-тың ұлттық метеорологиялық қызметі хабарлағандай, өткен жексенбіде ауа температурасы Вудленд-Хиллз округінде 49,4 Цельсий градусқа дейін көтеріліп, рекордтық көрсеткіш тіркелген. Осы күнге дейінгі ең ыстық ай 2006 жылдың шілдесі болатын. Ол кезде ауа температурасы 48,3 Цельсия градусқа дейін көтерілген еді.

Сондай-ақ, Вудленд-Хиллзтен басқа, бұл күні Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласының басқа округтерінде де рекордтар жаңартылған. Мысалы, Риверсайд округінде ауа температурасы 47,2 Цельсия градусқа жетті, бұл қыркүйек айындағы ең жоғарғы көрсеткіш болды. Калифорния штатындағы Санта-Ана округінде ауа температурасы 41,1 Цельсий градусқа дейін көтерілді, бұл – күндізгі ең жоғары деңгей.

Сондай-ақ, жоғары температура Эскондидо (46,1 Цельсий градус), Пасо Роблсб (47,2), Айдилуайлд (40) және Чино (49,4) қалаларында байқалды.

Штаттың басым бөлігінде жоғары температура сақталатыны атап өтілді. Дегенмен, дүйсенбіден бастап ауа температурасы 10 градусқа төмендейді.

Штат әкімшілігі тұрғындарға аптап ыстыққа байланысты электр қуатының өшуі мүмкін екенін ескертті. Калифорния электр желісінің операторы (California Independent System Operator) төтенше жағдайдың 2-кезеңін жариялады және жексенбіде электр қуатын қайта өшірілетіні туралы хабарлады.


Соңғы жаңалықтар