Лондонның төрт тұрғыны лаңкестік жасауға әрекеттенгені үшін айыпталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон полициясы Ұлыбритания аймағында лаңкестік жасауға әрекет еткен төрт жігітке айып тағылғандығын мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters агентігі.

Шығыс Лондон тұрғындары өткен аптада 22 мамыр күнгі Манчестердегі жарылыс болмай тұрып тұтқынға алынған еді.

24 жасар Умар Ахмед Хак 25 наурыз бен 18 мамыр аралығында жүзеге асыруға тиіс болған лаңкестік әрекетке дайындық жасағандығы үшін айыпталды. Тексеру амалдарының нәтижесі бойынша, оған 25 жасар Надим Ильяс Патель қару-жарақ жеткізуге тиіс болған.

Бұл іске тағы екі адам - 27 жасар Мұхаммад Абид пен 18 жастағы Абутахер Мамун қатысты болып шықты. Абид полиция қызметкерлерінен Хакты ұстауға көмектесуі мүмкін болған ақпаратты жасырған, ал Мамун террорлық актіні жүзеге асыруға көмектеспекші болған ниеті үшін айыпталып отыр.

26 мамыр күні олардың ісі Вестминстер магистрат сотында қаралады.

22 мамыр күнгі «Манчестер Арена» алаңындағы жарылыс салдарынан 22 адам қаза тауып, 120-ға жуық адам зардап шекті, олардың 59-ы ауруханаларға жеткізілді. Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» тобы жарылыс жауапкершілігін мойындарына алып, лаңкестік әрекетті «мұсылман жеріне» жасалған шабуыл үшін кек деп атады.

Соңғы жаңалықтар