Лондондағы жарылыстан бір адам зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон орталығында көп дүкендері бар Оксфорд-стрит көшесінің бойында, бейсенбі кешке қарай орташа қуатты электр желісінде жарылыс болып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Британ астанасындағы қалалық полицияның мәліметінше, жарылыс жергілікті уақытпен сағат 19:00-де болған. Оқыс оқиғаға куә болғандардың айтуынша, олар жарылысты естіген, сондай-ақ электр қуатын таратушы желі жәшігінің айналасы жарқылдаған.

Полиция жарылыс болған көшеның тұсын біршама уақыт қоршауға алды.
ФОТО/ @A_LLOYDWILLIAMS

Соңғы жаңалықтар