Лондондағы теракті салдарынан екі адам ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондағы теракті салдарынан кем дегенде екі адам ажал құшты, деп хабарлайды ТАСС  агенттігі.

Бұған дейін Press Association  жергілікті аурухананың дәрігеріне сілтеме жасап, лаңкестік салдарынан бір әйел қаза болғанын хабарлаған болатын.

Тағы бір әйел Вестминстер көпірінде көз жұмды. Автокөлік көпір үстінде жаяу жүргіншілерді жаншып өткен болатын. Дәрігерлердің айтуынша, кейбір зардап шегушілердің жағдайы - аса ауыр. Оқиға орнында саперлар жұмыс істеуде. Адамдарды басқан көлік ішінде жарылғыш құрылғы болуы мүмкіндігі жоққа шығарылмайды, деп хабарлады Sky News телеарнасы полициядағы дереккөзге сілтеме жасап.

Осы күні сондай-ақ британдық парламент ғимаратының маңында адамдарға қарсы оқ атылды. Зардап шеккендер бар.

Полиция болған оқиғаларды теракті деп бағалауда.

Осы уақытта ҚР Сыртқы істер министрлігі лаңкестік актілер салдарынан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтауда. 

"Лондондағы қазақстандық дипломаттар жергілікті полициямен ұдайы байланыста. Олар британдық астана орталығында болған келеңсіз жағдайдан зардап шеккен Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтауда", - деп хабарлады «ҚазАқпаратқа» ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

 

Фото: © AP Photo/Matt Dunham

Соңғы жаңалықтар