Лондондағы теракт кезінде 5 адам мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда болған теракт кезінде мерт болғандар саны 5 адамға жетті, тағы 40 адам жарақат алған, деп хабарлады Скотлан-Ярдың терроризмге қарсы күрес бөлімшесінің басшысы Марк Роули. Бұл туралы Риа Новости агенттігі хабарлады.

Осыған дейін терактінің салдарынан 4 адам мерт болып, кемінде 20 адам жарақаттанғаны хабарланған болатын.

«Жарақат алғандардың саны 40 адамға жетіп отыр, олардың кейбірінің жағдайы ауыр. Дипломатиялық өкілдіктерді қорғаушы полиция қызметкері Кит Палмерді қоса алғанда 5 адам мерт болды»,-деді Роули.

Теракт туристер үшін ең танымал аймақтардың бірінде болды. Вестминстер көпірінен өтіп бара жатқан көлік тротуарға шығып кетіп, бірнеше адамды қағып, Парламент ғимаратына жеткен кезде жүргізушіні полиция тоқтаты. Ол полиция қызметкерін пышақпен жарақаттап, тәртіп сақшысы алған жарақатынан қайтыс болды. Террорист болуы мүмкін деген күдіктіні тағы бір полиция қызметкері атып тастады.

Соңғы жаңалықтар