Лондондағы сұрапыл өртті ауыздықтауға 100-ден астам өрт сөндіруші тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лондонның шығысында ірі өрт шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Euronews-ке сілтеме жасап.

Тілсіз жау Баркинг ауданы Де Пасс Гарденс көшесіндегі жаңа көпқабатты үйдің алты қабатын шарпыды. Өртті сөндіруге 100-ден астам өрт сөндіруші және 15 техника жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі әзерге белгісіз. Зардап шеккендер жайлы да мәлімет жоқ. Болжам бойынша, тұрғындар дер кезінде ғимараттан шығып үлгерген.

Соңғы жаңалықтар