Лондондағы симфониялық оркестр Еркеш Шәкеевтің туындыларын орындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон қаласындағы St. Luke's соборында танымал қазақстандық композитор Еркеш Шәкеев туындыларының әлемдік премьерасы өтті.

Оларды аты аңызға айналған Лондон симфониялық оркестрі мен ас0ан шебер скрипкашы Марат Бисенғалиев орындады. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында концертті тамашалаған әнші Батырхан Шүкенов хабарлады.

«Кеше Марат Бисенғалиевтің қатысуымен Лондон симфониялық оркестрінің концерті өтіп, онда досым Еркеш Шәкеевтің туындылары орындалды. Отандастарыммен және достарыммен бірге мен біздің Еркешіміздің шығармашылық өміріндегі жаңа кезеңнің басталуына куә болғаныма қуанып, бақытты болдым», - деп жазды әнші.

Музыкалық оқиғаның бағдарламасында М.Бисенғалиевпен бірлесіп жасалған жоба болған «Inception» альбомының тұсаукесері өтті. Жаңа альбомның құрамында 12 композиция бар.

Композитордың бұған дейін хабарлауынша, альбом 2014 жылдың мамыр-шілде аралығында Британияның Abbey Road және Air Studios сияқты үздік студияларында, сондай-ақ Карл Дженкинстің студиясында жазылды, жазбаны жүзеге асыруға компанияның жетекшісі, әлемдік продюсерлердің бірі Александр Ван Инген жетекшілік етті.

Автордың айтуынша, аталған альбомды жазу кезеңі оның өміріндегі ең бақытты шақтарының бірі болды.

Концерттің композитордың сайтында онлайн-режимде көрсетілгенін атап өткен жөн.

Соңғы жаңалықтар