Лондондағы Әзербайжан елшілігінің ғимаратын радикалды діни топ басып алды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –4 тамызда Әзербайжан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі елшілік ғимаратын радикалды діни топ басып алды. Бұл туралы ҚазАқпарат АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, радикалды діни топ мүшелері елшілік ғимаратына баса-көктеп кірген. Олар ғимарат балконында діни тулар көтеріп, радикалды діни ұрандар айтқан. Топ мүшелерін жергілікті полиция нысаннан шығарып, қамауға алды.

«Оқиға кезінде елшілік қызметкерлері зардап шеккен жоқ. Жергілікті құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Оны нәтижелері туралы қосымша ақпарат беріледі.

Ұлыбритания құрылымдарының назарына дипломатиялық арналар арқылы Вена конвенциясына сәйкес дипломаттар мен дипломатиялық ғимараттар қауіпсіздігіне қатысты ескерту жіберілді».


Фото: azertag.az



Соңғы жаңалықтар