Лондондағы ауруханаға мачете ұстаған ер адам шабуылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонның Қасиетті Стефан көшесінде орналасқан ауруханаға мачете ұстаған ер адам шабуылдап, төрт адамды шапқан, деп хабарлайды BBC News.

Қаскөй төрт адамды жарақаттаған. Зардап шеккендердің үшеуін ауруханаға жатқызуға тура келді. Кейін белгілі болғандай олардың жарақаты өмірі үшін аса қауіпті емес.

Шабуылдаған ер адамның өзі де жарақат алып, ауруханаға түсті, деп жазады Daily Star басылымы.

Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, бұл теракт емес.

Соңғы жаңалықтар