Лондонда жүрдек пойыздың терезесінен басын шығарған жолаушы мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондағы экспрессте болған жан түршігерлік оқиға тергелуде. Кеше жергілікті уақытпен кешкі 5 жарым шамасында, әуежайдан қала орталығына бет алған жүрдек пойыз терезесінен жолаушылардың бірі басын шығарған, оны көрші жолда жоғары жылдамдықпен келе жатқан пойыз қаққан, деп хабарлайды Sky News.

Куәгерлердің айтуынша, күшті соққы жолаушының басын жұлып әкеткен. Төтенше жағдай орнына полиция келіп, станцияны қоршауға алған. Және апатты-құтқару қызметі мен жедел жәрдем келгенмен, зардап шегушінің өмірін құтқарып қала алмады. Тікұшақпен келген дәрігерлер жолаушыны өлді деп растады.

Марқұмның аты-жөні жарияланған жоқ. Куәгерлер шамамен 20 жастағы жас жігіт екенін айтуда.

Британдық көлік полициясының өкілі журналистерге оқиғаның күдікті деп қарастырылмайтынын айтты.  Және аталған іс бойынша материалдардың айрықша соттың қарауына жіберілетінін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар