Лондонда полиция қызметкеріне мачетемен шабуыл жасалды

None
None
ЛОНДОН – НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Лондонда белгісіз біреу полиция қызметкеріне мачетемен шабуыл жасады. Офицер ауыр халде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Лейтонде фургонды тоқтатпақшы болғанда қолына мачете ұстаған көлік жүргізушісі тәртіп сақшысына шабуыл жасап, бірнеше жерден жарақаттаған.

Полицейлердің сөзінше, түн ортасындағы шабуыл «кенеттен әрі айуандылықпен» жасалды. Алайда, олар қаскөйге қарсы электр есеңгіреткіш пайдаланып үлгерген. Екінші офицер оны бірден қолға түсірді.

Зардап шеккен полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда оның жағдайы «тұрақты ауыр» деп бағалануда.

Лондон полициясы офицерлер Куперс-лейн және Лейтон-Хай-роуд жол қиылысында фургонды тоқтатуға тырысқанын мәлімдеді. Автокөлік тоқтамай қойып, артынан жүргізушісі көліктен шығып, полиция қызметкерлерінің біріне шабуыл жасаған.

50 жастағы ер адам оқиға орнында дене жарақатын келтіргені үшін күдікті ретінде ұсталып, Лондонның шығысындағы полиция бекетіне жауап алу үшін жеткізілді.

Полиция болған оқиғаны лаңестік әрекетке теңеуге негіз жоқ екенін мәлім етті.

Татьяна Кудренок

Соңғы жаңалықтар