+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Лондонда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

2019 жылғы 5 қараша 18:38
Бөлісіңіз:
Лондонда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Қазақстандық туроператорлар «World Travel Market London 2019» халықаралық туристік көрмесіне қатысты. Алматы қаласы, Алматы және Атырау облыстарының өкілдері шетелдік туроператорларды тиімді әріптестік қарым-қатынас орнатуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Лондондағы тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Омбыда Бурабай мен Зерендіге ресейлік туристерді тарту жайы талқыланды Алматылық және астаналық туркомпаниялар Тараздың тарихи орындарымен танысты Елімізде алғаш рет 3 тілде туристік ақпарат беретін трансляция іске қосылды

Туристік индустрияға арналған үш күндік іс-шара 1980 жылдан бері өткізіліп келеді және жыл сайын 50 мыңға жуық осы сала мамандарының басын қосады. Ұлыбритания астанасына Қазақстаннан 6 ірі туристік оператор барды. Олар Алматы қаласы Туризм басқармасы ұйымдастырған стендке жайғасып, B2В форматында 200-ден астам компаниямен әріптестік орнату мүмкіндіктерін қарастырды.


Алматы қаласы туризм басқармасының бас маманы Ақмарал Ещанованың айтуынша, Қазақстанға шетелден келетін туристердің 44 пайызы Алматы қаласына тиесілі. 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Алматыға Еуропадан 205 мың турист келген. Ол өткен жылдың статистикасымен салыстырғанда 15 пайызға жоғары.

Алматыдан бөлек көрмеге Атырау және Алматы облыстарының өкілдері де қатысты. Соңғы уақытта Қазақстанның мұнайлы астанасы бизнес туризм бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан кейін үшінші орында тұрса, Жетісу өңірі экотуризм бойынша көш бастап келеді.

Алматы облысы туризм басқармасының бас маманы Азамат Мұхамедкәрімовтың айтуынша, Алакөл көліне «Жетісу» әуе компаниясы Талдықорған-Үшарал бағытында қатынап жатыр. Бұл - көлге тез жетіп, демалғысы келетін туристер үшін мол мүмкіндік. Көрмеге қатысушы шетелдік туризм саласы өкілдеріне осы және басқа да инфрақұрылымдық ерекшеліктер туралы ақпарат берілді.


Туристік әлемде ойып алар орны бар ірі шараның қатысушылары арнайы 3D көзілдірік арқылы Қазақстанның көрікті жерлерімен саяхаттау мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар оларға өңірлер жайлы жарнамалық-ақпараттық өнімдер таратылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғалымжан Қараманұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT