Лондонда Қазақстанның Бейбітшілік және келісім орталығы ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 тамызда Ұлыбританияның Лондон қаласында Қазақстанның Бейбітшілік және келісім орталығының ашылу салтанаты өтеді. Бұл туралы Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Орталықтың ашылуы - этносаралық толеранттық және қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін танытуға, мемлекетаралық қарым-қатынастарды нығайтуға, саяси, сауда-экономикалық және білім беру, мәдени ынтымақтастықтың басым секторларында екіжақты қарым-қатынасты кеңейтуге бағытталған.
Ашылу салтанатына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Ұлыбритания Парламентінің Қауымдар палатасының депутаты сэр Тони Болдри және британдық инвесторлар, ғалымдар, екіжақты ынтымақтастық туралы келісімдер шеңберінде қарым-қатынас жүргізетін компания өкілдері қатысады.
- Қостанайлықтар «Қайырымдылық керуенін» бастады
- Шымкентте сарбаздарға сарқыт үлестірілді
- Елімізде ұлттық дәстүрлерге негізделген қайырымдылық шаралары өтеді
- Қазақстанда «Сарқыт» республикалық акциясы басталды
-
Астанада аграрлық-инновациялық орталық ашылады
-
Таразда аймақтық ҚХА ғылыми-сараптама тобының кеңейтілген отырысы өтті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам