+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Лондонда «Kazakhstan House» ашылды

2018 жылғы 19 желтоқсан 08:29
Бөлісіңіз:
Лондонда «Kazakhstan House» ашылды

ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Вестминстер Лорд-Мэрінің шешімімен енді Лондондағы Қазақстан Елшілігінің ғимараты ресми түрде Kazakhstan House деп аталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

Бұл атау барлық ресми құжаттарда, қала карасында және басқа да таспаларда көрініс табатын болады. Толық мекенжайы мынадай: Embassy of the Republic of Kazakhstan Kazakhstan House 125 Pall Mall, London SW1Y 5EA

Қазіргі таңда Лондондағы шетелдік Елшіліктер арасында өз елдерімен аталатын дипломатиялық миссия ғимараттарының саны өте аз. Олар - Біріккен Корольдікпен ерекше қарым-қатынасқа ие мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері.

«Басты мемлекеттік мереке қарсаңында осындай мәртебеге ие болу қуанышты жағдай. Бұл Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтады. Біздің Елшіліктің ғимараты қаладағы көрікті жерлердің - Trafalgar Square мен Leicester Square аралығында орналасқан. Сәйкесінше, бұл округте түрлі елдерден келетін туристер өте көп. Kazakhstan House жазбасы Haymarket-тен де, Pall Mall-дан да, Cockspur Street-тен де жақсы көрінеді», - делінген хабарламада.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT