Лондонда Кәсіби теннисшілер қауымдастығының қорытынды жарысы басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Лондон қаласында Кәсіби теннисшілер қауымдастығының қорытынды жарысы басталады. Соқыр ішегіне ота жасалған Рафаэль Надаль бұл бәсекеге қатыса алмайды.

Сондықтан жарыста спортшыларының арасында жеңіске жетудегі басты үміткерлер - сербиялық Новак Джокович пен швейцариялық Роджер Федерер болып отыр.

Қорытынды турнирдің аясында сондай-ақ маусымның ең мықты жұбы анықталады.

Айта кеткен жөн, 2009 жылдан бері КТҚ-ның қорытынды жарысы Лондонның "О2 Аренасында" өткізілуде, ағымдағы жылғы жүлде қоры 6,5 млн долларды құрайды. 2013 жылғы жарыстың ақтық кезеңінде Джокович Надальді 6:3, 6:4 есебімен ұтса, жұптық разрядта испаниялық Давид Марреро мен Фернандо Вердаско үздіктер аталған еді.

Соңғы жаңалықтар