Лондонда Италия мен Ұлыбритания премьер-министрлерінің келіссөздері өтті

None
Фото: ansa.it
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунакпен Даунинг-стриттегі екіжақты келіссөздер кезінде Италия мен Ұлыбритания қарым-қатынасының жаңа кезеңі басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

«Бұл - екі ел арасындағы жаңа бастау. Мен оған қатысып отырғаныма қуаныштымын. Біз бірлесіп жақсы жұмыс істейтінімізге сенімдімін», - деді Джорджа Мелони Лондонда Риши Сунакпен екіжақты кездесу алдында.

Риши Сунак онымен итальян тілінде амандасып, кейін камера мен фотографтардың алдында оған ағылшын тілінде алғыс айтты.

Келіссөздерден кейін үкімет басшылары қорғаныс пен мигранттар туралы меморандумға қол қойды. Өзара түсіністік туралы меморандум Италия мен Ұлыбритания арасындағы диалог пен стратегиялық ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған.

Италиялық Ansa агенттігінің хабарлауынша, меморандум қауіпсіздік пен қорғаныс, энергетика, климат пен қоршаған орта, миграция, экономика, ғылым мен инновация сынды басым бағыттар бойынша ортақ бастамаларды көрсетіп, Лондонмен халықаралық дәрежеде ауқымды келісімді нығайтуға көмектеседі.


Соңғы жаңалықтар