Лондонда Димаштың «Бір аспан тарихы» музыкалық бейнебаяны көрсетілді

None
Фото: ru.dimashnews.com
ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Лондонда Crystal Palace International Film Festival аясында «Бір аспан тарихы» бейнебаянының көрсетілімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

West Norwood Picturehouse залында өнер жанашырлары жиналды, олардың арасында Димаштың жанкүйерлері де болды. Ұлыбританиядан, Ирландиядан және басқа елдерден Dears фильмді көруге арнайы келген қонақтар да болды.

Көрермендер алғаш рет 2022 жылдың 24 қыркүйегінде Алматыда әртістің жанкүйерлерімен фан-кездесуінде «Бір аспан тарихы» туындысының бейнебаянын көрген болатын. Димаш Құдайберген режиссер Алина Верипяның 13 минуттық музыкалық фильмінде композитор, сценарий авторы және басты рөлді сомдады.

«Фильмнің негізгі идеясы – ол балаларымыздың өмірін, сүйіспеншілігін, достығын және жерін сақтау үшін бірігуге, бір-бірімізді ұлттық, әлеуметтік, діни принцип бойынша бөліп-жаруды тоқтатуға шақырады», – деді фильм режиссері Алина Верипя.

Crystal Palace International Film Festival бүкіл әлем бойынша 10 000-нан астам кинофестивальдердің ішіндегі ең үздік ондыққа кіреді. 2009 жылы негізі қаланған кинофестиваль картиналарды мұқият таңдау арқылы тәуелсіз фильмдердің ең жақсысын ғана көрсетеді. Фестивальге қатысу фильмге белгілі бір сапа белгісін және үлкен аудиторияны көруге мүмкіндік береді.

«Бұл жобаның ең үлкен миссиясы - мен әлемде болып жатқан соғыстарды көргендегі өз сезімдерімді көрсеткім келеді. Біз бір-бірімізді құрметтеу, бір-бірімізді сүю қаншалықты маңызды екенін көрсетуге тырысуымыз керек. Мен үшін жаман ұлт жоқ. Біз бәріміз бір Құдайдың балаларымыз», – деді Димаш Құдайберген SOC Film Festival-да өткен баспасөз мәслихатында.


Соңғы жаңалықтар