+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Лондонда 360 градус бейнелі бассейн ашылмақ

2019 жылғы 5 қыркүйек 12:47
Бөлісіңіз:
Лондонда 360 градус бейнелі бассейн ашылмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жүзуді жақсы көретін жандар үшін жақсы жаңалық. Лондонда әлемде алғаш рет тіркеліп отырған, 360 градус бейнелі, биікте орналасқан бассейн құрылысы басталды, деп хабарлайды CNN.

Ұқсас жаңалықтар
Елордадағы тұрғын үй алабы аумақтарында үш саябақ салынады Жамбылда 35 нысан «қызыл сызық» нормаларын бұзған Маңғыстау облысының Кендірлі аймағында жаңа елді мекен құрылмақ

Бұл бассейн Infinity London ғимаратының 55-қабатында орналаспақ. Көлемі 600 000 литр су құяға арналған. Идея және құрылыс авторы - Compass Pools компаниясы. Дизайнерлер дәл осындай биікте, 360 градустың бәрін көрсететін бассейн әлемде жоқ дейді.

Хауыз акрилдан құйылып жасалады, астыңғы едені мен шетіндегі қабырғалары мөлдір шыны болмақ. Сондықтан ғимараттың төменгі қабатында жүргендер жоғарыда жүзіп жүрген адамдарды көре алады.

Compass Pools компаниясының дизайнері Алекс Кемсли көптеген техникалық мәселелердің орын алғанын айтты, соның ішіндегі ең күрделісі бассейнге жүзушілердің қалай енетіні ұзақ уақыт талқыланған.

Бассейннің әдемі бейнесін сақтап қалу үшін дизайнерлер сыртқы жағына, ғимараттың айналасына ешқандай саты орнатпаған. Бұрандалы саты судың ішіне орнатылмақ. Хауыз түнде «бағалы факел» сияқты жылтырап, ғимаратқа әдемі әр бере түседі деп болжанып отыр.

Хауыздың айналасына анемометр орнатылады, ол желдің жылдамдығын бақылайды. Судың температурасы компьютерлік жүйенің көмегімен басқарылады.

55 қабатты ғимараттың шатырында бассейн салынғаннан соң, дизайнерлер жоғары қабаттарына 5 жұлдызды қонақүй салуды жоспарлаған. Хауыз құрылысы 2020 жылы басталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Құрылыс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT