Лондон соты «Қазақстан қағазы» компаниясы экс-басшыларының аппеляциялық шағымын қабылдамады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Лондон аппеляциялық соты «Қазақстан қағазы» компаниясының экс-басшылары Мақсат Әріп пен Бағлан Жүністің аппеляциялық шағымын қабылдамады. Бұл туралы «Қазақстан қағазы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Естеріңізде болса, 2013 жылдың тамызында Лондон коммерциялық соты аталған тұлғаларды 150 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы жымқырды деп айыптап, олардың әлем бойынша жинақталған қаржысын пайдалануға тыйым салған болатын. Кейіннен Мақсат Әріп қаржыға тыйым салу туралы шешімді терістеу туралы аппеляциялық сотқа шағым түсірген еді. 2 сәуірде Лондон аппеляциялық соты «Қазақстан қағазы» компаниясының экс-басшылары Мақсат Әріп пен Бағлан Жүністің 72 млн фунт қаржысын тыйым салуға қарсы жазған аппеляциялық шағымын қабылдамады. Айыпталып отырған тұлғалар өздерін айыптауға негіз бар екендігін мойындай отырып, Қазақстан заңнамасы бойынша сот шағымы 3 жылдан өткен мерзімде қаралмайтынын айтып қорғанды. Лорд-судья Джексон өз кезегінде айыпталып отырғандардың шағымның ескірген уақыты туралы аргументі қабылданса, оларға «кіршіксіз алаяқтық» схемасын жасап кетуге мүмкіндік туып отыр деп алаңдаушылық білдірген. «Ұрланған 150 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаржы Қазақстанға қайтарылмауы мүмкін», - деді ол. Бұл істе ең басты жапа шеккен тұлғалар «Қазақстан қағазы» компаниясына қаржы құйған инвесторлар мен банктер болып отыр. Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, компанияның негізгі кредиторлары «Альянс Банк» пен «Қазақстан Даму банкі».

Соңғы жаңалықтар