Лондон полициясы үшінші оқиға туралы хабарлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон полициясы Туиттердегі блогында 3 маусымның кешінде қалада үшінші оқиғаның Воксхолл ауданында болғанын жазды, деп хабарлайды ресейлік Лента.ру .

Лондондағы көпірден оңтүстік батысқа қарай үш шақырымдай жердегі ауданда болған оқиғаға қатысты нақты мәліметтер әзірге келтірілмеді.

Сондай-ақ, полиция Лондон көпіріндегі жүргіншілерді шағын автобустың соққаны және көпірге жақын Боро базарында адамдарға шабуыл жасалғанын растады.

The Sun газетінің жазуынша, Лондон көпірінің жанындағы Боро базарында пышағы бар белгісіз адамдар мейрамханаға шабуыл жасаған.

3 маусымда кешке қарай Лондон көпірінде шағын автобус шамамен жиырмадай бір топ жүргіншіні соғып өткен. Куәгерлердің айтуынша, көліктен үш адам атып шығып, 30 сантиметрден ұзындау пышақтарымен маңайдағыларға шабуыл жасаған.
Еске, сала кетсек,  бұған дейін ҚР СІМ Лондондағы төтенше оқиғадан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоқтығын тексеріп жатқандығы туралы хабарланған болатынбыз.

Фото: Hannah Mckay / Reuters

Соңғы жаңалықтар