Лондон Мысырға Хатшепсут мазарынан ұрланған құнды жәдігерді қайтарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1975 жылы Хатшепсут патшайымының мазарынан ұрлап, елден заңсыз алып кеткен барельеф Мысырдың Лондондағы консулдығына қайтарылды, деп хабарлады сейсенбі күні Ahram Online Египеттің ежелгі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл рәсім Ұлыбритания СІМ мамандары мен британдық музей сарапшыларының қатысуымен өтті. Египеттен 30 жыл бұрын заңсыз әкетілген құнды жәдігер таяуда ғана  Испанияның шағын аукционына қойылған еді. Оны британдық антиквариат саудагері сатып алды.

Ежелгі істер министрлігінің өкілдері жәдігерді Египетке қайтарудың маңыздылығын, әсіресе польшалық археологтар мазарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде таптырмайтын дүние екендігін атап өтті.

Айта кеткен жөн, Хатшепсут ғибадатханасы - біздің дәуірімізге дейінгі 15 ғасырда құрылған Жаңа патшалықтағы ғажайып ескерткіштердің бірі. 

Соңғы жаңалықтар