Лондон әдеби альманахында 14 қазақстандық автордың туындысы жарияланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Лондон әдеби альманахында 14 қазақстандық автордың туындысы жарияланды. «Шығармашылық достастық» жаңа жинағы Лондон мен Кембридж қаласында өткен «Open Eurasia and Central Asia Book Forum & Literature Festival 2015» әдеби фестивалі аясында жарық көрді.

Мұнда 2015 жылғы конкурста жеңімпаз болған, лауреат атанған авторлардың шығармалары енді. Олардың ішінде қазақстандық 14 автордың жұмысы бар.

Атап айтқанда, Құрманбай Еспенбетовтің «Алғы сөзі», Вернердің «Ложь», Мадина Байболованың «Книга замужней женщины», Маргарита Ленскаяның «Тайна хранителей», Оңайгүл Тұржанның «Confessions of a lazy person», Inno3dakтың «Там, где пройдут ваши кони, там будут наши земли», Анастасия Юлдашеваның «Слепая верность» әңгімесінің көркем аудармасы, Марал Жұманалина «Сказка дедушки Маруфа» туындысына иллюстрациясы, Айя Қырғызбаеваның «Тайна луны» өлеңіне иллюстрациясы, «Слепая верность» әңгімесіне Владимир Худяковтың иллюстрациясы, Владислав Жарконың «Ворон» әңгімесіне видеофильмі, Мария Абадиеваның «Мой выбор» әңгімесіне видеофильмі, Марсельдің «Сквозь двери» әңгімесіне видеофильмі бар.
«Шығармашылық достастық» альманахы 2016 жылдың 1 наурызында Лондонда жарық көрді.
Алматы, Астана, Шымкент, Бішкек, Ташкент, Душанбе, Казань, Салехард, Якутск, Минск қалаларында тұсаукесері өтеді.
Жаңа жинақты www.amazon.co.uk, www.amazon.com, www.alibris.com сайттарынан электронды форматта немесе кітап дүкендерінен сатып алуға болады.

Соңғы жаңалықтар