Лондон-2012: Ә.Жексембинова мен А.Кулькина жұбы синхронды жүзуде 15-ші орынға тұрақтады

None
None
АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық синхроншылар Әйгерім Жексембинова мен Анна Кулькина Лондонда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 15-ші орынға тұрақтады.

Олар жарысты 84,600 ұпаймен аяқтады. Ертең қазақстандық жұп еркін бағдарламамен жарыс жолына шығады.

Айта кетейік, отандық спортшы қыздар осы көктемде Лондонда өткен біліктілік турнирінде техникалық және ерікті бағдарламалардың қорытындысы бойынша 14-ші орынға ие болды. Анна мен Әйгерімнің аталған жетістіктері оларға әлемнің үздік 24 жұбымен бірге Лондон Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік берген еді.

Соңғы жаңалықтар