+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Локдаунға жол бермеуіміз керек – Бекшин

2021 жылғы 23 маусым 15:08
Бөлісіңіз:
Локдаунға жол бермеуіміз керек – Бекшин

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қала тұрғындарының карантин талаптарын сақтамайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алексей Цой тамыз-қыркүйек айларындағы коронавирус жағдайына болжам жасады Коронавирустан емделіп жатқан 2 мыңға жуық науқастың жағдайы ауыр Түркияда коронавирусқа қарсы вакцинаның 73 млн дозасы егілген

Оның айтуынша, қалада ересектер мен балалар көшеде және скверлерде бейқам жүреді. Ешқандай сақтық шараларын сақтамайды. Бұл коронавирус инфекциясының жаңа толқынын тудыруы мүмкін.

Брифинг барысында Жандарбек Бекшин журналистердің сұрақтарына жауап бере келе қарқынды эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, жаңа штамдардың айналымына байланысты локдаунды енгізу жоспарланбағанын мәлім етті.

«Барлығы біздің тәртіпке, эпидемияға қарсы шараларды сақтауға байланысты. Әрине, жаңа штамдардың анықталғаны туралы ақпарат алғанмен, біздің медициналық мекемелер сырқаттанушылық күрт өскен жағдайда ғана дайындық жүргізеді», – деді Жандарбек Бекшин.

«Алматыда коронавирустың үшінші толқыны кезінде ковидтік емханаларда 6 060 төсек-орын болды. Қазір аурудың азаюына байланысты олардың саны 1700-ге дейін төмендеді. Індетті жұқтыру артқан жағдайда емдеу мекемелері қайта бақылау жүргізеді», - деді ол.

«Бүгінде локдаунға қатысты мәселе тұрған жоқ. «Дельта» штамын жұқтырған бір жағдай анықталды. Локдаунға жол бермеуіміз керек. Ол үшін барлық шектеу шараларын сақтау қажет», – деді Жандарбек Бекшин.

Алматының бас санитарлық дәрігері қала тұрғындарын екпе алуға, сондай-ақ бетперде режимі мен қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT