Лиз Трасс Британия премьер-министрі қызметінен кететінін мәлімдеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лиз Трасс Тори партиясының жетекшісі қызметінен кететінін жариялады. Ол өз орнына кандидат келгенге дейін премьер-министр қызметін жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

«Консервативтік партияның жаңа көшбасшысын және премьер-министрді сайлау келесі аптада өтеді. Британ оппозициясының жетекшісі, лейбористер партиясының төрағасы Кир Стармер елде мерзімінен бұрын сайлау өткізу қажеттігін тағы да айтты», - деп жазады басылым.

Еске салайық, 47 жастағы Л.Трасс Тори партиясының қайраткері. Ұлыбритания премьер-министрі лауазымына биылғы қыркүйек айының басында ғана сайланған болатын.

18 қазан күні ғана Ұлыбритания премьер-министрі өз қызметінде жіберген қателіктері үшін кешірім сұрап, алайда, билеуші Консервативтік партияның бірқатар мүшесінің үндеуіне қарамастан отставкаға кетуден бас тартқан еді.





Фото: static.independent.co.uk



Соңғы жаңалықтар