Ливиялық ұшақты басып алғандардың қарулары жасанды болып шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала тергеу жұмыстарының мәліметі бойынша, ливиялық ұшақты басып алғандар жасанды қару қолданған, деп жазады Мальтаның премьер-министрі Джозеф Мускат «Твиттердегі» парақшасына.

Ливиялық ұшақты айдап әкеткен қаскүнемдер Мальта халықаралық әуежайына қонған соң, қамауға алынды. Олар тұтқынға алғандардың көп бөлігін босатып, өздері берілді. Afriqiyah Airways әуе компаниясының лайнері Сабха қаласынан Ливия астанасы Триполиге ішкі рейске ұшқаннан кейін басып алынды. Бортта 118 адам адам болған.

Қазірге дейін басқыншылардың нақты саны анықталмады. Олардың 2011 жылы биліктен шеттетіліп, өлтірілген ливиялық көшбасшы Муаммар Каддафидің жақтастары болуы мүмкін деген мәлімет бар. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреу ұшақтың басқышына шығып, Каддафидің кезіндегі жасыл туды бұлғаған. 

Соңғы жаңалықтар