Ливиялық ӘҚК экстремистердің елдің батысы мен шығысындағы позицияларына әуе соққысын жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні ливиялық ӘҚК экстремистердің елдің батысы мен шығысындағы біршама аудандарындағы позицияларына бірқатар соққылар жасады. Sky New Arabia телеарнасының хабарлауынша, Эс-сидр кемежайындағы мұнай өнімдері қоймаларының бірі атқыланған.

Сонымен қатар, үкіметтік жойғыштар "Ансар аш-шариа" ("Шариғат жақтаушылары") мен "Мисурат бригадалары" радикалды исламшыларының Бен-Джавад, Мисурат, Дерндегі позицияларына рейдтерін жасауды жалғастыруда. «Ливия таңы» исламшыл коалициясының басында тұрған қарулы құрылымдардың Бен-Джавад, Эс-Сидр, Рас-Лануф терминалдарына орналасып, шамамен 300 мың баррель мұнай экспортталатын Сирт шығанағының жағалауын өз бақылауына алуға әрекеттеніп отырғанына екінші апта болды.

14 желтоқсан күні қалыптасқан жағдайға байланысты Ливияның Ұлттық мұнай корпорациясы Триполиде қауіпсіздікті сақтау үшін Рас-Лануф пен Эс-Сидрге мұнайды жеткізуді қысқарту жоспары жөнінде хабарлады. Мәлімдемеде сондай-ақ оның бара-бара «жұмысшылардың тек қажетті санын қалдырып, қызметкерлерін сақтықпен қамтамасыз етілген жерге көшіретіні аталып өтілді.

Соңғы жаңалықтар