Ливия жағалауларында 200-ден астам босқын құрбан болды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Қайықтың аударылып қалуы салдарынан Жерорта теңізінде 200-ден астам босқын құрбан болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің меншікті тілшісі Испанияның Proactiva Open Arms ұйымына сілтеме жасап.

Бейсенбі күні Ливия жағалауларында Proactiva Open Arms ұйымының еріктілері суға батып кеткен екі қайықтың бөліктерін тапқан. Олардың әрқайсысына 100-ден астам адам сыйдыруға болатындығы хабарланады.

«Біз 5 адамның денесін бортқа көтердік. Біз Еуропа бұрын-соңды көрмеген жан түршігерлік оқиғаның куәсі болдық»,-деп жазды Proactiva Open Arms ұйымының өкілдері Facebook парақшасында.

Айта кетейік, Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметтері бойынша, Еуропаға 2016 жылы Жерорта теңізі арқылы 363 мыңнан астам мигранттар мен босқындар келді. Ол кезде 5 мыңнан астам адам жол бойында мерт болды.

Соңғы жаңалықтар