Ливия түрмесінен 400 адам қашып кетті

None
None
ТРИПОЛИ. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Ливия астанасы Триполиде үкімет әскерлері мен қарулы жасақ арасындағы қақтығыстың өршуі кезінде Айн-Зара түрмесінен 400 сотталушы қашып кетті. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Ливия Әділет министрлігінің сот полициясы департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәлімдемесінде айтылғандай, Айн-Зара түрмесінің А секторында қарудың бірнеше рет атылған даусы естілген. Кейін тұтқындар бас көтерген. Түрме қызметкерлерін зорлық-зомбылық жасаумен қорқытып, өздерін босатуды мәжбүр еткен.

Қазіргі кезде қашқындарды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Айн-Зара түрмесі Триполидің оңтүстігінде орналасқан. Онда өткен дүйсенбіден бері үкімет әскерлері мен көрші Тарнуха қаласынан шыққан «Жетінші бригада» деп аталатын қарулы жасақ арасында қақтығыс жүруде.

Ливия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, қақтығыстар салдарынан 41 адам қаза тауып, 123 адам жараланған.

 

Соңғы жаңалықтар