+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Ливия мәселесіне қатысушы елдер келісімге келді

2020 жылғы 20 қаңтар 08:30
Бөлісіңіз:
Ливия мәселесіне қатысушы елдер келісімге келді

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Берлинде Ливия мәселесі бойынша халықаралық конференцияға қатысушылар БҰҰ-ның қару-жарақ эмбаргосын қолдауға уағдаласып және Солтүстік Африкада орналасқан осы елде қарулы топтарды қолдауды тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Берлиндегі жиынға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Германия канцлері Ангела Меркель, Ресей президенті Владимир Путин, Түркия мен Францияның мемлекет басшылары Реджеп Тайып Эрдоған мен Эммануэль Макрон, сонымен қатар Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон қатысты.

Қатысушылар төрт сағатқа созылған кеңес соңында қару жеткізуді тоқтатып, билікке таласып жатқан екі тарапты татуластыру шараларын қолға алуға келісті.

Құжатқа 12 елдің өкілдері, сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық Одақ, Африкалық Одақ және Араб мемлекеттері лигасы өкілдері қол қойды.

«Бәріміз қару жеткізу эмбарго талаптарына жауапкершілікпен қарап, оны былтырғыдан да қатты бақылауға алуымыз керек», - деді Германия канцлері Ангела Меркель.

Айта кетсек, Ливияда 2011 жылдан бері азаматтық соғыс жүріп жатыр. Ливия Ұлттық әскері елдің шығысындағы үлкен аумақты бақылауда ұстайды. Өткен жылдың сәуір айында олар Триполидегі Ұлттық келісім үкіметін қолдайтын күшке қарсы іс-қимылды бастады.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT