+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Ливандағы қазақстандық бітімгерлер Бейруттағы жарылыстан зардап шеккен жоқ

2020 жылғы 5 тамыз 10:45
Бөлісіңіз:
Ливандағы қазақстандық бітімгерлер Бейруттағы жарылыстан зардап шеккен жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ливандағы қазақстандық бітімгерлер Бейруттағы жарылыстан зардап шеккен жоқ. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда ағайынды үшем Отан алдындағы әскери борышын өтеп жүр

«Ливанда БҰҰ миссиясының құрамында қызмет етіп жатқан қазақстандық бітімгерлер Бейрутта болған жарылыс салдарынан зардап шеккен жоқ. Қазақстандық бөлімше төтенше жағдай болған жерден шалғайда орналасқан. Қазіргі уақытта қазақстандық әскери қызметшілердің төтенше жағдай салдарын жоюға жұмылдырылуы жоспарланып отырған жоқ», - деді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Қорғаныс министрлігі Ақпарат және коммуникация департаментінің бастығы полковник Әсет Аққозинов те қазақстандық бітімгерлердің жарылыс салдарын жоюға қатыспайтындығын айтты.

«Алаңдаушылық танытып, сауал жолдап жатқандарыңыз үшін ризашылық білдіреміз. Біздің бөлімше оқиға болған жерден шалғайда орналасқан. Оларда бәрі жақсы және жарылыс салдарын жоюға қатысуы жоспарланбаған», - деді ол.

Қазақстанның Ливандағы бітімгершілік миссиясы 2018 жылдың қазан айында БҰҰ-ның мандатына сәйкес Ливанда қазақстандық және үнді бітімгерлерін бірлесіп өрістету туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін бастаған болатын.

Осы айдың басында ғана Қазақстан Ливанға төртінші бітімгерлер тобын жіберген еді.

Еске сала кетейік, 4 тамызда Ливанның әскери-теңіз күштері (ӘТК) базасына жақын Бейрут порты ауданында жойқын жарылыс болды.

Жарылыс салдарынан Қазақстанның СІМ Ливандағы Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимаратына зиян келген.

Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған.

Консул жұмыста қалған болатын, ол жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды.

Бұған дейін хабарлағандай, 5 тамыз күні Бейрут уақытымен сағат 00:30-да Ливанның Денсаулық сақтау министрі Мұхаммед Хасан жарылыстан қаза тапқандар саны 70-ке жеткенін, 4 мыңға жуық тұрғын жарақат алғанын мәлімдеді.

Әлем елдерінің, халықаралық ұйымдардың басшылары мен премьер-министрлері 4 тамызда Ливанның әскери-теңіз күштері (ӘТК) базасына жақын Бейрут порты ауданында болған жарылысқа байланысты Ливан халқына көңіл айтып, шұғыл көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

5 тамыз күні жарылыстың себебі анықталды. Билік мәлімдемесіне сәйкес, аммоний нитратының үлкен партиясы (аммиак селитрасы деп те аталады) портта ұзақ уақыт тұрған, қауіпсіздік талаптары сақталмаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT