Ливанда жыртқыш құсты тыңшылық жасады айыптады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливанда Израиль пайдасына тыңшылық жасады деп айыпталған күшіген ұсталды. Қанатты жыртқышты бағанаға байлап қойды.

Күшігеннің үш күн бұрын Израильдегі қорықтан қашып кеткені белгілі болды. Құс израильдік-ливандық шекарадан өтіп, шекара маңындағы Бинт-Джубайль тұрғындарының қолына түсті. Олар күшігеннің табанынан Тель-Авив университетінің таңбасы бар GPS-трекерді анықтап, құсты Израильден тыңшылық жасау үшін жіберілді деп санады.

Күшігеннің тыңшы емес екені анықталған соң барып ол жіберілді, деп хабарлайды «Интерфакс» агенттігінен.

Соңғы жаңалықтар