+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Ливанда қазақстандық бітімгерлердің кезекті ротациясы өтті

2021 жылғы 14 қазан 16:03
Бөлісіңіз:
Ливанда қазақстандық бітімгерлердің кезекті ротациясы өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бесінші қазақстандық бітімгершілік контингенті «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» миссиясына қатысуын аяқтады. Олардың орнына Қазақстан бітімгерлерінің алтыншы құрамы аттанды, депп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Теміртауда Ұлттық ұлан сарбазы өзіне оқ атып көз жұмды

Жарты жыл бойы қазақстандық бітімгершілік контингенті жергілікті жерді патрульдеу, блок-бекеттерде қызмет атқару, базаны күзету міндеттерін орындады, сондай-ақ штабтағы миссияның шараларға қатысты.

Бітімгерлер майор Данияр Зәріповтың басшылығымен жүктелген міндеттерді лайықты деңгейде орындап шықты.

– Әскери қызметшілер өздеріне жүктелген жоғары жауапкершілікті толық сезіне білді, өйткені олар Қазақстанның Қарулы Күштерін ғана емес, сондай-ақ бүкіл елді БҰҰ қолдауымен әлемдік қоғамдастық алдында таныстырды. Жасақтың моральдық-психологиялық жай-күйі жоғары деңгейде, – деді командир.

Бітімгерлердің айтуынша, елді мекендер мен оларға іргелес аумақтарды күнделікті патрульдеу жауапкершілік аймағында жағдайдың қалыпты екенін көрсетеді.

Қазақстандық әскери қызметшілер Үнді бітімгершілік батальонының құрамында қызмет атқарады. Біздің әскери қызметшілердің кәсібилігін миссия қолбасшылығы, сондай-ақ бірлесіп патрульдеу жүргізетін Ливан Республикасы Қарулы Күштерінің өкілдері бірнеше рет атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT