Ливан қараңғылық құшағында, электр стансалары істен шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ливанда отын жетіспеушілігі салдарынан елдегі ең ірі екі электр стансасы істен шықты. Соған байланысты бүкіл елде жарық жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Ливанда мұндай жағдай үнемі болып тұрады, жарық өткен демалыс күндері де болмаған.

Électricité du Liban мемлекеттік компаниясы осы мәселені шешпекші, бірақ жарық дүйсенбіге дейін болмайтынын ескерткен. Билік отынды әскерилердің қорынан пайдаланбақ, бірақ оны қашан алатыны белгісіз.

Адамдар кешке қарай жарықтың сөнетініне әбден үйренген. Бейруттың көптеген аудандарында күн сайын бірнеше сағат электр болмайды. Кейде, тіпті 22 сағатқа дейін сөндіріледі. Көптеген ливандықтарда дизельдік генераторлар бар, бірақ дизельдік отын да тапшы.


Соңғы жаңалықтар