Литваның Қазақстандағы елшісі Рокас Бернотас ЕҰУ студенттеріне өз елінің Еуропаға жолы жайлы айтып береді

None
None
АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Жұма, 6 мамыр күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Литваның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рокас Бернотас «ЕО және ЕҰУ достастық көпірі» жобасы аясында "Литваның Еуропаға жолы» атты тақырыпта ЕҰУ студенттері алдында дәріс оқиды,

деп хабарлады аталмыш оқу орнының баспасөз орталығы.

Оқу орнының оқытушы-профессорлар құрамы, студенттер мен магистранттар, докторанттар өздерін қызықтырған сауалдарын Елшіге қоюға мүмкіндіктері бар. Ал Елшінің дәрісінен алынған құнды ақпараттар болашақта көптеген ғылыми жұмыстарға арқау бола алады.

Естеріңізге сала кетейік, жобаның алғашқы бөлімін салтанатты түрде өткен жылдың 24 қарашасы күні Еуроодақтың Қазақстан Республикасындағы елшісі Норбер Жустен мырза бастап берген болатын. Бүгінге дейінЛатвия, Словакия, Грекия, Испания, Германия, Финляндия, Венгрия, Ұлыбритания, Румынияжәне Чехия мемлекеттерінің елшілері дәріс оқыды. Алдағы уақытта «ЕО және ЕҰУ достастық көпірі» атты жобаға қатысуға Швеция, Франция, Италия, Нидерланд, Бельгия,Польшамемлекеттерінің елшілері ниеттерін білдіріп отыр. Еуроодақ мемлекеттерінің түрлі салалары бойынша мәртебелі елшілердің оқитын дәрістері оқу жылының соңына дейін (2010-2011) жалғасады.

Соңғы жаңалықтар