Литваның ірі қаласында Қазақстанның консулдығы ашылды

None
None
КАУНАС. ҚазАқпарат – Литваның екінші ірі қаласы болып табылатын – Каунас қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулы кеңсесінің ашылуы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Елшілікке сілтеме жасап хабарлайды.

Салтанатты іс-шараға Каунас және Каунас уезінің, Литва СІМ басшылары мен дипломатиялық корпус мүшелері, Литваның ірі жоғары оқу орындарының ректорлары, қаланың іскерлік, академиялық және шығармашылық топтарының өкілдері қатысты.

Рәсімді ашқан ҚР Литвадағы Елшісі В.Темірбаев Каунастың біздің елмен кең және көп қырлы байланыстарын назарға ала отырып, дәл осы қалада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылатынын атап өтті. Қазақстандық дипломаттың пікірінше, бұл қадам Қазақстан-Литва ынтымақтастығының күн тәртібіне жаңа серпін мен жаңа идеяларды енгізеді, екі ел арасындағы өңіраралық байланыстарды кеңейтуге ықпал ететін болады.


ҚР Каунастағы құрметті консулы, бұрынғы округтік судья, белгілі адвокат және профессор Альбертас Милинис консулдықтың жұмысы екіжақты сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге, бизнес, туризм және білім беру салаларында өзара алмасуды жолға қоюға бағытталатынын атап өтті. Өз қаласының жұртшылығы атынан, Қазақстан басшылығы мен халқына тарих қойнауынан тамыр жайған достық пен әріптестік үшін алғыс айтты.

Осы іс-шара шеңберінде Каунас сауда-өнеркәсіп палатасы мүшелерінің қатысуымен бизнес-форум өтті, оның барысында Президентіміздің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауының негізгі ережелері талқыланды, сондай-ақ еліміздің бірегей табиғаты туралы «Беймәлім Қазақстан» фотокөрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының құрметті консулдығы Каунастың қақ ортасында – «ВLC» бизнес-орталығында өз есігін Каунас технологиялық университеті, Ұлы Витовт Университеті және Литва денсаулық туралы ғылымдар университеті сияқты Литваның ірі жоғары оқу орындарының қоршауында ашты.


Жыл сайын мұнда оқ уға 100-ден астам қазақстандық студенттер келеді. Каунас мамандары Қазақстанда кардиохирургия және перинаталдық медицина сияқты салалардың қалыптасуына айтарлықтай үлес қосуда. Әлемнің үздік кардиохирургтарының бірі Римантас Бенетис Астана мен Алматыда жүрекке күрделі оталарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Литва арқылы өтетін негізгі көлік магистральдарының түйіскен жерінде Каунас Литваның ең ірі өнеркәсіптік орталығы болып табылады. Дәл осы жерде «Continental» және «Hellas» сияқты брендтердің зауыттары ашылды.

Каунас пен Қазақстанды да спорттық дәстүрлер байланыстырады. «Қазақ күресі» Еуропа Федерациясы Каунаста тіркелген. Өз кезегінде, белгілі Каунас жаттықтырушылары біздің елімізде баскетболды дамытуға көмектеседі, соның ішінде литвалық атақты баскетболшы Арвидас Сабонис.

2022 жылы Каунас Еуропаның мәдени астанасы болады.


Соңғы жаңалықтар