Литвадағы президент сайлауында Гитанас Науседа алда келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдын ала деректерге қарағанда, Литвадағы президент сайлауының екінші кезеңінің қорытындылары бойынша, тәуелсіз кандидат Гитанас Науседа 66,62% дауыс жинаған. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Экономист Науседа бұрын Литва Банкінің басқарма мүшелерінің бірі болған, саясатқа да жекеменшік банк секторынан келген. Бірде бір партиямен байланысы жоқ, экономиканың либералды моделін жақтайды.

Науседаның екінші раундтағы басты қарсыласы - бұрын қаржы министрі, парламент депутаты болған Ингриде Шимоните. Оның кандидатурасын «Отан одағы - Христиан демократтары» консервативтік партиясы ұсынған. Алайда ол екінші турда Науседадан айтарлықтай артта қалып қойды.

Айта кетейік, 12 мамырда өткен сайлаудың бірінші турында Ингрида Шимоните 31,3%, Гитанас Науседа 30,9% дауыс жинаған еді.

Соңғы жаңалықтар