Литвада жаңа президент сайланады

None
None
ВИЛЬНЮС. ҚазАқпарат - 12 мамырда Литвада президенттік сайлаудың бірінші туры мен екі референдум өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Литваның қазіргі президенті Даля Грибаускайте бұл лауазымды 2009 жылдан бері атқарып келеді. Кезінде ол президенттік сайлаудың бірінші турында 69 пайыз дауыс жинап, ұлттық рекорд орнатқан болатын.

Осы жолы сайлау бір турмен шектелмейді деген болжамдар айтылуда. Сауалнамаларға сүйенсек, кандидаттардың ешқайсысы 50 пайыздан жоғары дауыс жинай алмайды. Егер де дауыс беру нәтижесі осылай болса, онда екі жеңімпаз 26 мамырға белгіленген екінші турға өтеді.

Екі референдум

Литвада сайлаудың бірінші турымен бір мезгілде екі референдум өткізілуде. Оның біріншісі еуропалық және трансатлантикалық интеграцияның Литвамен таңдалған тиісті критерийлеріне сәйкес келетін елдермен қос азаматтыққа рұқсат беруге қатысты. Бұл елдердің тізімі кейінірек айқындалады. Екінші референдум парламент депутаттары санын 141-ден 121-ге дейін қысқартуға байланысты болып отыр. Бұған басқарушы партия бастамашылық етті.

Үш лидер

Қазіргі кезде сайлауға тоғыз кандидат қатысуда. Spinter tyrimai компаниясының сауанамасына сәйкес, олардың арасында көш бастап тұрған үш кандидат бар - Ингрида Шимоните, Гитанас Науседа және қазіргі премьер-министр Саулюс Сквернялис.

И. Шимоните бұл елде экономист ретінде танымал. Ол осыған дейін Литва Банкі президентінің орынбасары, қаржы министрі лауазымдарын атқарған болатын.

Сонымен қатар Г. Науседа бұл елдегі мықты экономистердің бірі саналады. Бұған дейін Литва Банкінің басшылығында болған, алайда соңғы жылдары жеке банктерде қызмет етті.

С. Сквернялис 2016 жылдан бері Литваның премьер- министрі лауазымын атқаруда. Біраз жылдар ІІМ жүйесінде жұмыс істеген, сондай-ақ ішкі істер министрі қызметінде болған.

Литва Республикасының басшысы бес жыл мерзімге азаматтардың тікелей құпия дауыс беруі арқылы сайланады. Кандиттар үшін міндетті түрде 40 жасқа толуы керек деген талап қойылады.

Соңғы жаңалықтар