Литвада тұратын қазақстандықтар елшілікке барып дауыс бере алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 9 маусым - сайлау күні Литвада сайлау учаскесі ашылады. Бұл туралы ҚР Литвадағы Елшісі Виктор Темірбаев литвалық жетекші БАҚ-қа арналған брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елшілікке сілтеме жасап.

Қазақстандық дипломат шетелдік журналистерді Қазақстандағы саяси өзгерістер бойынша, сондай-ақ елдегі президенттік сайлауға дайындық жөнінде хабардар етіп, ел Конституциясының негізгі ережелері мен ҚР заңнамасы туралы, жоғары мемлекеттік лауазымға үміткерлерді тіркеу, байқаушылардың жұмысы, БАҚ-ты аккредиттеу және сайлау алдындағы үгіт жұмысын жүргізу туралы шарттарды түсіндірді.

Виктор Темірбаев ел басшылығының халықаралық міндеттемелер және келісімдерге деген міндеттемесін, сондай-ақ өз мүдделеріміз бен басымдықтарымызға сәйкес теңдестірілген сыртқы және тұрақты экономикалық саясатты жалғастыру туралы нақты шешімін растады.

Елші Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы кезінде Литва мен Латвия аумағында тұрақты және уақытша тұратын ҚР азаматтары өздерінің конституциялық (сайлау) құқығын жүзеге асыруға мүмкіндігі бар екенін атап кетті.

Осыған орай Қазақстанның Литвадағы Елшілігінде, Вильнюс қаласы, Бирутес көшесі 20А мекенжайы бойынша № 242 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бүгінгі таңда Литвадағы сайлаушылардың саны - 230 болса, ал Латвияда 70 адам бар.

Бұл ретте Латвиядан келген қазақстандық студенттерге жеке көлік ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар