Литвада алғаш рет тоғызқұмалақтан жарыс өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Литва астанасы Вильнюсте Қазақстанның Литвадағы Елшілігі, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы және «Санторос» астаналық гимназиясының әкімшілігі бірлесе отырып, осы елде алғаш рет қазақтың логикалық ұлттық ойыны - тоғызқұмалақтан мастер-класс және жарыс ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Тоғызқұмалақ федерациясы мәлім еткендей, жарысқа 23 спортшы, оның ішінде гимназия оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Жарыс жеңімпаздары, сондай-ақ ойынның барлық қатысушылары Қазақстаннан естелік сыйлықтарды алды.

Жеңімпаздарды марапаттау кезінде, ҚР Литвадағы Елшісі В.Темірбаев оқушыларға ойын тарихымен, өздерінің Қазақстандағы құрдастарының өмірі туралы айтып, сондай-ақ оларға тоғызқұмалақ ойнау дағдыларын ересек өмірде пайдалы болатынын түсіндірді.
null

Жарыс барысында тоғызқұмалақтан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы С.Ақатаев ойын стратегиясы мен жедел жеңістерінің құпиясымен таныстырып қана қоймай, қатысушыларға осы көшпелі ойынға қатысты қызықты әңгімелер айтып берді.
null

Елшіліктің және федерацияның осы жарыстарды дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіп тұру жоспары бар. Қазірдің өзінде бірнеше мектептің ойыншылары қазақтың ұлттық ойынын меңгеруге қызығушылық танытып отыр.
null null

Литвадағы тоғызқұмалақтан мастер-класс және жарыс секциясы Қазақстан Елшілігі мен Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының, сондай-ақ Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын қолдау негізінде өтті.

null null

Соңғы жаңалықтар