+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Литвада академиялық қауымдастық көшбасшыларының халықаралық саммиті өтуде

2019 жылғы 14 қазан 19:40
Бөлісіңіз:
Литвада академиялық қауымдастық көшбасшыларының халықаралық саммиті өтуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Каунас қаласында академиялық қауымдастық көшбасшыларының халықаралық саммиті өтуде, деп хабарлайды Гумилев атындағы ЕҰУ баспасөз қызметі.

«QS in conversation. Халықаралық ынтымақтастық арқылы танымалдылықты арттыру: ұтқырлық, тану, брендинг» атты ссаммитті Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Витаутас Магнус (Литва, Каунас қ.) университеті және QS Quacquarelli Symonds халықаралық компаниясы бірлесіп ұйымдастырып отыр.


Саммитке Қазақстан, Ресей, АҚШ, Литва, Латвия, Ұлыбритания, Жапония, Корея, Түркия, Әзербайжан, Эстония, Эфиопия, Польша, Украина, Өзбекстан сияқты елдердің өкілдері қатысуда. Саммитте жоғары білім саласындағы жаһандық міндеттер, әлемдік қауымдастықты нығайтудағы университеттердің рөлін анықтау, халықаралық жоғары білім беру жүйесіндегі трендтер жан-жақты талқыланды.


Халықаралық жиын барысында Quacquarelli Symonds британдық консалтинг компаниясының өңірлік директоры Зоя Зайцева, британдық «The Guardian» газетінің редакторы Рейчел Холл, белгілі журналист Стивен Хоар, Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Витаутас Магнус университетінің ректоры Юозас Аугутис, Сколков ғылым және технологиялар институтының факультет деканы Клемент Фортин және басқалар сөз алып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.


Саммит соңында «QS EECA University Rankings 2019 - Дамушы Еуропа мен Орталық Азия университеттерінің QS 2019» рейтингісінің нәтижелері жарияланады деп күтілуде.

Сондай-ақ осы шара аясында ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовтың төрағалық етуімен Қазақстанның жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің отырысы өтіп, онда Литва университеттерімен ынтымақтастық мәселелері де пысықталмақ.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Еуропа, Білім, Ғылым, ЖОО-лар,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT