Литва университеттері қазақстандықтар үшін 200-ден астам грант бөлді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы мен Шымкент қалаларында Литва университеттерінің ақпараттық сессиясы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтына сілтеме жасап.

Онда қазақстандықтар Литвадағы ЖОО-ларда бакалавриат және магистратура бағдарламалары, оқуға түсу үрдісі, грант пен стипендия жөнінде біле алады. Сондай-ақ, грантқа оқуға түскендердің арасынан әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге ай сайын берілетін стипендия қарастырылмақ.

Шымкент қаласындағы кездесу Жастар ресурстық орталығында (Момышұлы көшесі 4) 11 наурызда сағат 10:00-де өтеді.

Алматы қаласындағы кездесу 13 наурызда сағат 10:00-де Ұлттық кітапханада (Абай даңғылы 14) ұйымдастырылады.

Айта кетерлігі, Қазақстанның басқа қалалары мен аймақтарындағы үміткерлер құжаттарын Литваның жоғары оқу орындарының ресми сайттарына 1 ақпанынан бастап жолдауы керек.

Литва университеттерінің бағдарламалары мен мамандықтары мына сілтемелерде: Vytautas Magnus University, Kaunas University of Technology, Lithuanian Sports University.

Соңғы жаңалықтар