Литва соты Әблязовтың балдызын Қазақстан мен Украинаға бермейтін болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Вильнюс аймақтық соты Қазақстан мен Украинаның Мұхтар Әблязовтің балдызы Сырым Шалабаевқа қатысты экстрадациялау туралы өтініштері қанағаттандырылмағанын жария етті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Шалабаевты екі жылдан астам интерпол іздеді. Оны литвалық «Арас» жедел-іздестіру жасағының қызметкерлері өткен жазда ұстады.
С.Шалабаев Әблязовпен және басқа да адамдармен бірігіп, Қазақстанда, Украинада және Ресейде бірнеше миллиард долларды жымқырды деп күдікке ілінген.

«Сот шешіміне қатысты литвалық апелляциялық сотқа шағым түсіруге болады», - деп жазылған хабарламада.
Шалабаевты экстрадациялау мәселесі жабық отырыста қаралды. Сот қабылданған қарардың бір бөлігін ғана жариялап отыр.

Соңғы жаңалықтар