Литва Қазақстанның реформаларын қолдайды – Габриэлюс Ландсбергис

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Литва Сыртқы істер минстрінің Қазақстанға ресми сапарының аясында литвалық бизнесмендердің үлкен делегация келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Литва Сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергис қазақстандық әріптесімен өткен келіссөзден кейін БАҚ өкілдерінің алдында жасаған мәлімдемесінде айтты.

«Біз Қазақстанның реформалары мен принциптерін қолдаймыз. Литва өзінің ақпарат, цирфландыру, жасыл және жаңартылатын энергетика саларындағы ноу-хаулары мен тәжірибесін ұсынуға дайын», - деді Литва өкілі.

Сондай-ақ ол екі елдің арасындағы байланысты тікелей рейстер арқылы нығайта түсуге болатынын еске салды.

«Менімен бірге келген үлкен делегация Литва бизнесінің Қазақстанмен қарым-қатынасты кеңейтуге деген қызығушылығы бұл елдің табиғи ресурсы мен жайғасқан орнының арқасында орасан екенін көрсетеді. Қазақстан туристері мен студенттері, бизнесмендері мен жалпы халқы елдеріміздің арасындағы тікелей рейстерді көбірек пайдалана алар еді», - деді Литва Сыртқы істер министрі.


Соңғы жаңалықтар