Литва кәсіпкерлері Қазақстанда өндіріс ашуды көздеп отыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің бастамасымен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «Qazindustry» АҚ, литвалық «PKV» және «TecnnoWest» компаниялары өкілдерінің қатысуымен бейнеконференция өтті.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шара барысында литвалық тарапқа Қазақстанның экспорттық, сауда және инвестициялық әлеуеті, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмысы, сондай-ақ инвесторларды мемлекеттік қолдау құралдары туралы толық ақпарат берілді.

Бұған қоса Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында жарияланған бастамаларының арқасында елімізде бизнес ашудың жаңа мүмкіндіктері туралы хабардар етілді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы ұсынған өңірлердің жаңа әкімшілік-аумақтық бөлінуі жұмыс орындарын көбейтуді және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды талап ететін қосымша даму орталықтарын қалыптастырады.

«PKV» компаниясының өкілдері тұрмыстық электр құрылғыларын шығаратын бірлескен кәсіпорын құруға мүдделігін білдірді.

Бейнеконференция қорытындысы бойынша арнайы экономикалық аймақтармен танысу және өндірісті бастаудың ықтимал орнын анықтау мақсатында литвалық кәсіпкерлердің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар