Литва «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы шартқа қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 ж. 13 маусымда «ЭКСПО-2017» Комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Литва Республикасына сапары өтті.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Вильнюс қаласындағы сапар бағдарламасы шеңберінде Литваның Қоршаған ортаны қорғау министрі Кястутис Тречёкаспен, Литваның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуына жауапты ұлттық секция Комиссары Ромас Янкаускаспен және астаналық көрмеге қатысуды жоспарлап отырған сол елдің іскерлік өкілдерімен кездесулер өтті.

К. Тречёкас және Р. Янкаускаспен кездесу барысында елдер арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың перспективалары мен даму бағыттары, Литва үкіметінің және «жасыл» технология саласындағы жергілікті компаниялардың көрмеге қатысу талаптары, сондай-ақ Литваның қайта жаңартылмалы және балама энергия көздері саласындағы жүзеге асырылуы мүмкін жобалары талқыланды.

Астана көрмесінің негізгі тақырыбын назарға ала отырып, К. Тречёкас елде атом және көміртегімен жабдықталған литвалық энергетикалық жүйенің баламалы энергия көздеріне ауыстырылуын мақсат тұтатын «Литваның 2050 жылға дейінгі тұрақты энергетикалық тұжырымдамасы»  бекітілгендігін мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Р. Жошыбаев және Р. Янкаускас Литва тарапының «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы туралы шартқа қол қойды.

Бүгінгі таңда 90 мемлекет және 16 халықаралық ұйым астаналық көрмеге қатысатындықтарын  ресми түрде қуаттады.

null 

Соңғы жаңалықтар