Лисаковтік жүргізушілер жергілікті бекеттерден жанармай құя алмай жүр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде қалада 30 қыркүйек күні бензин алу қиындап кеткенін жазып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Лисаков жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек жиналған. Кешке қарай бекеттерде жанармай қалмаған немесе тек талонмен ғана берілген. Лисаков қаласында бензин бағасы Қостанайдағы секілді жағдайда. «Мұнай өнімдері» жанармай бекеттерінде АИ-92 макары бензиннің 1 литрі 155 теңге болып отыр.

Еске сала кетсек, 30 қыркүйек күні Қостанайдағы бензин бағасы 155 теңгеге шыққан болатын.

Соңғы жаңалықтар