Лисаковта ескерткіштерді қиратып, қоршауды бұзатын қаскөй пайда болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Лисаков қаласында ескерткіштерді қиратып, қоршау темірлерді майыстырып жүрген бұзақылар пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лисаков қалалық мәслихатының кезекті VIII сессиясында депутаттар тарапынан осы мәселе көтерілді. Депутаттар жергілікті полиция қызметінің жұмысын қанағаттанарлық деп бағалап, заң бұзушы вандалдарды іздеп табуын талап етті. Себебі, бұл жағдай екінші рет қайталанып отыр. Оның алдында бұзақылар темір орындықтарды майыстырып, ағаштарды сындырып кеткен.

Лисаков қаласы жергілікті полиция қызметінің бастығы Рүстем Болдусовтың айтуынша, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша қалада жыл басынан бері 2133 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Құқық тәртібі туралы қоғамның ой-пікірін зерттеу, халықтың сенімділік деңгейін арттыру үшін «Facebook» және «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінде Жергілікті полицияның ресми беттері орналастырылды. Енді тұрғындар әлеуметтік желілер арқылы ой-пікірлерін жеткізе алады.
null 

Профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде басқа біреудің мүлкін ұрлауды 240 қылмыстан 152-ге дейін төмендетуге қол жеткізілсе де, көше тазалығына зиян келтіріп жүрген бұзақыларды ұстау қиын шаруа болып отыр. Оған бір себеп - саябақтар мен демалыс орындарындағы бейнекамералардың аздығы.

5 қыркүйек күні тұрғындар орталық саябақтағы ескерткіштер мен тас мүсіндердің қирағанын байқайды. «Бақытты елік» деп атап кеткен мүсіннің құлап жатқан суретін ғаламторға таратқан. Олар «тас еліктің» аяғын балғамен ұрғылап, үгіткен.

Қала тұрғыны Самал Жантөреқызының айтуынша, орталық саябақта 2015 жылдан бастап полиция бекеті жоқ. Тек қана «Жасыл алқапқа қол тигізбеңіздер!» деп жазылған ақпараттық белгі бар.

Соңғы жаңалықтар