Лисаков қаласында мемлекеттік қызмет аллеясы ашылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Лисаков қаласында мемлекеттік қызмет аллеясы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аллеясының ашылуына облыстық мемлекеттік қызмет департаментінің басшысы Салауат Мүксімов және қала әкімі Алмат Исмағұлов қатысты.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, Аллея ашық аспан астындағы мұражай саналады, өйткені мұнда өңірдегі мемлекеттік қызметтің қалыптасу тарихын көруге болады.

Жаңа аллеяға ағаш көшеттері отырғызылды.

«Салтанатты ашылу аясында 2050 жылғы жаңа формациядағы мемлекеттік қызметкерлерге арналған капсула салынды. Негізі мемлекеттік қызмет аллеясының ашылуының басты идеясы мемлекеттік қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі. Мемлекеттік қызметке алғаш кірген жастар үшін бұл күн екі есе ерекше. Антты көпшілік алдында және ашық аспан астында қабылдау ерекше жауапкершілік жүктейді және салтанатты рәсім береді», - дейді облыстық департамент басшысы Салауат Мүксімов.

Қала әкімі Алмат Исмағұлов кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін жергілікті атқарушы билік өкілдері жан жақты қолдау көрсететінін айтты.

Соңғы жаңалықтар