Лисаков қаласында газ жүйесінің ақауынан тұрғын үйде жарылыс болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Лисаков қаласындағы көппәтерлі үйлердің бірінде жарылыс болып, салдарынан іргелес пәтерлердің арасындағы қабырға қирады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай мамандары газдың сыртқа бөлінуіне, соның салдарынан болған жарылысқа пәтер иелерінің немқұрайдылығы, пеште тұрған тамақты қараусыз қалдыру себеп болғанын айтады.

«Оқиға орнына келген бойда ас үйдегі 3 шаршы метр ауданды өрт шалғаны белгілі болды. Өрт ас үй плитасында тамақ пен суды қараусыз қалдырудың кесірінен тұтанған. Өрт салдарынан сыртқа газ бөлініп, газды ауа қоспасы жарылған. Дүмпу кесірінен іргелес екі пәтердің арасындағы гипс қабырғаның 13 шаршы метрі қирады», - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар